Шығыс Қазақстанда СЭС-ке "мина қойған" әзілқой ұсталды

1311

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны әзілдеп СЭС-ке "мина қойған", деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Шығыс Қазақстанда СЭС-ке "мина қойған" әзілқой ұсталды

Қаңтардың басында Глубоковский ауданындағы ПБ "102" жедел каналына 56 жастағы азамат хабарласып, танысы Өскемен қаласындағы СЭС-ке мина қойғанын хабарлаған.

Полиция қызметкерлері мен тиісті органдар тез арада оқиға орнын тексеріп шықты.

Оқиға орнына жеткен мамандар жарылғыш құрылғыны анықтай алмады. Хабарлама расталған жоқ.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында екі адам спирттік ішімдік ішіп отырып сөзге келіп қалғаны анықталды. Сөйтіп азаматтардың біріне қылмыстық ой келген. Ойға алған ісін жүзеге асырмақ болған мас адам, іс-әрекетінің маңыздылығын түсінбей құқық қорғау органдарына жалған мәлімдеме жасап хабарласқан", - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мадиев.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу