Шығыс Қазақстанда шаруа қожалығында 500 тонна пішен жанып кетті

391

Қазіргі уақытта жалынның нақты неден шыққаны белгісіз.

Шығыс Қазақстанда шаруа қожалығында 500 тонна пішен жанып кетті Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы шаруа қожалығында 500 тонна пішен жанып кетті.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Ұлан ауданындағы шаруа қожалығында ашық алаңға жиналған пішен отқа оранған.

"Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. ТЖД мен жергілікті атқарушы орган тарапынан 14 адам мен 6 техника тартылған. Барлығы 500 тонна пішен жанып кетті", - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта жалынның нақты неден шыққаны белгісіз. Департамент қызметкерлері соны анықтау үшін тиісті шараларды жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу