Шығыс Қазақстанда шаруалар мал азығын таппай әлек

788

Шөптің қымбаттығынан мал ұстау қиындап барады.

Шығыс Қазақстанда шаруалар мал азығын таппай әлек

Шығыс Қазақстан облысында шөп бағасы тым қымбат. Төрт түлік ұстағандарға мал азығын тауып беру, жылдан-жылға қиындап барады. Соңғы жылдары облыстың кей аудандарында шөп шықпай, шабындық жерлер тақырланып кеткен.

Салдарынан, шаруалар, жем-шөпті өзге өңірлерден сатып алуға мәжбүр. 

Мал азығын тауып беру шаруаларға ғана емес, қарапайым тұрғындар үшін де машақатқа айналған. Былтыр бір тіркеме шөптің құны 100 мың теңгеге дейін сатылса, биылғы баға әлі нақтыланбаған. Осыған байланысты тұтынушылар, бағаны бақылайтын арнайы орган қызметкерлерінен қайыр жоқ екендігін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу