Шығыс Қазақстанда шырша кесуге тыйым салынды

394

Бұйрық 23 шілдеде күшіне енеді.

Шығыс Қазақстанда шырша кесуге тыйым салынды Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстандағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шырша екпесін санитарлық кесуге тыйым салынды. Шырша көшетіне майқарағайлы, самырсын, шырша жатады.

Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2023 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен ШҚО облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі шырша екпесін санитарлық кесуге тыйым салынды. Бұйрық 23 шілдеде күшіне енеді.

-  Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өрт сөндіру үшін ағаш кесуді қоспағанда, шыршаларды санитарлық кесуге тыйым салу енгізілсін, - делінген құжатта.

Айта кетейік, маусым айынан бері оңірде дала өрті ушыққан болатын. Мысалы 17 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай саябағы мен Батыс Алтай қорығында өрт шықты. Өртті сөндіруге "Қазавиалесоохрана" мекемесінің қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әуе бөлімшесінің жеке құрамының 111 адамы, үш техникасы және екі тікұшағы жұмылған. Өрт 19 маусымда сөндірілді.

26 маусым күні облыста Приморск орман шаруашылығы аумағында тағы бір өрт шығып, өртті сөндіру барысы таулы, тасты жерлерге байланысты қиындаған.

5 шілдеде Асубұлақ орман шаруашылығында ірі өрт шығып, ол 200-ден астам адам мен 25 техниканың күшімен ауыздықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу