Шығыс Қазақстанда сотталғандар өздеріне қол жұмсамақ болғаны рас па

431

Екі сотталушы өздеріне дене жарақатын салған.

Шығыс Қазақстанда сотталғандар өздеріне қол жұмсамақ болғаны рас па Фото: inform.kz

Жуықта әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстандағы №18 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер өз-өздеріне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған болатын. Көп ұзамай ақпараттың жалған екендігі анықталды. Бірақ сол күні осы түрмедегі екі адам өздеріне дене жарақатын салғаны расталып отыр. 

ҚАЖ департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, сотталушылар мекеме тәртібімен келіспей, осындай қадамға барған. 

"ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №18 түзету мекемесінде сотталғандар жаппай өз-өздеріне қол жұмсағаны туралы WhatsApp мессенджерінде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда 14 қыркүйек күні осы түрмеде екі сотталушы өздеріне дене жарақатын салғанын хабарлаймыз. Сотталғандар бұл әрекеттерін мекеме тәртібімен келіспеуіне байланысты жасағанын, ұстау тәртібімен мен шарттарды жұмсартуды, атап айтқанда, мекемеде еркін қозғалып тұруды, телебағдарламаларды көруді және камера есігін құлыптамауды талап ететінін түсіндірген", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сотталғандарға ауруханаға жатқызылмай, сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Бұл дерек анықтамаларды тіркеу кітабына тіркелді.

"ҚАЖ департаментімен қызметтік тергеу тағайындады. Мекемеге прокуратура өкілдері келіп, жеке мәселелер бойынша қабылдау да өткізді", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу