Шығыс Қазақстан облысында шомылуға барған ер адам суға батып кетті. Қайғылы жағдай Алтай ауданы Бұқтырма су қоймасында болған. Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер оның денесін алып шыққан.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 маусым күні болған. Су қоймасының арнайы жабдықталмаған учаскесінде шомылып жүрген 48 жастағы азамат батып кетті.
Бейресми мәліметке сүйенсек, ер адам мас болған.
- Өңірде алдағы күндері 41 градусқа дейін ыстық болады. Тұрғындарға құтқарушылардың ескертулеріне немқұрайлы қарамай, сақтық шараларын үнемі қаперде ұстау керектігін ескертеміз. Шомылу үшін тек жабдықталған жағажайларға барыңыз. Құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін жерде құтқару құралдары бар және су қоймасының түбі тексерілген. Ешбір жағдайда балаларды жағалауда қараусыз қалдырмаңыз, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында шомылуға арналған 21 учаске белгіленген болатын.