Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар елді мекендерге мониторинг жүргізілуде

671

Құтқарушылар мен Глубокое ауданының әкімдігі су тасқыны қаупі бар елді мекендерге мониторинг жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар елді мекендерге мониторинг жүргізілуде Фото: inform.kz

Ауданда бүгінгі таңда жердің қату тереңдігі – 48 см, қар жамылғысының биіктігі – 134 см.

Глубокое ауданында су басу қаупі жоғары 15 елді мекен бар. Атап айтқанда, Прапорщиково, Уварово, Глубокое, Каменный карьер, Белоусовка, Ново-Ульбинка, Тарханка, Алтай, Прогресс, Предгорное, Разъезд, Черемшанка, Ушаново, Малоубинка және Опытное поле ауылдары. Ондағы барлығы 92 үйде 2335 адам тұрады.

"Қазіргі уақытта су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ауданда 6,6 мың текше метр қар шығарылған. Автокөлік жолдарындағы 34 су өткізу құрылысы, 14 шақырым каналдар және 22,3 шақырым арықтар қар мен мұздан тазартылды. 9200 дана ыдыс-қап, 100 тонна инертті материал, 1,6 тонна жанар-жағармай дайындалды. Сондай-ақ төтенше жағдай болып жатса халықты эвакуациялау үшін уақытша орналастыру пункттерін ұйымдастырдық. Гидрологиялық жағдай тұрақты", - дейді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу