Шығыс Қазақстанда су тасқынына қарсы әуеден бақылау жүргізілді

131

Өңірде көктемгі су тасқынына қасы күрес күшейтілген. 

Шығыс Қазақстанда су тасқынына қарсы әуеден бақылау жүргізілді Фото: Бейнежазбадан

Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп "Өскемен – Шемонаиха ауданы – Риддер – Глубокое ауданы – Өскемен" бағыты бойынша су тасқыны жағдайына әуеден шолу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, әуеден бақылау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтің айтуынша, әуеден шолу барысында таулы аудандардағы қар қорының жиналуы бақылауға алынып, су тасқыны қаупі бар аумақтарда, соның ішінде Шемонаиха және Глубокое аудандарында қар қорының көлемі нақтыланып, су тасқыны жағдайының даму барысына алдын ала бағалау берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу