Шығыс Қазақстанда таудың беті сырғып жолды жауып қалды

290

Оқиға Маралды-Үшбұлақ автожолының 12-ші шақырымында болған.

Шығыс Қазақстанда таудың беті сырғып жолды жауып қалды Фото: altainews.kz

Күршім ауданында неше күн толассыз жауған жаңбырдың салдарынан тау бөктері сырғып, етектегі жолды жауып қалды.  

Оқиға Күршім ауданындағы Маралды-Үшбұлақ автожолының 12-ші шақырымында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі. 

Оқиға болған жерде атқарылатын жұмыстарды анықтау үшін аудандағы жауапты мекемелердің басшылары (аудан әкімінің орынбасары, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, "Күршім" коммуналдық шаруашылығы), облыс орталығынан "Қазақстан селден қорғау" мекемесінің мамандары  жіберілді.

Тексеру қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар қабылданатын болады. Қазір аталмыш жол учаскесінде полиция қызметкерлері кезекшілік етуде. Оқиға орнына облыс орталығынан төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері аттанды.

Жағдай аудан әкімінің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу