Шығыс Қазақстанда температураның күрт төмендеуі күтілуде

482

Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі. 

Шығыс Қазақстанда температураның күрт төмендеуі күтілуде Фото: vedtver.ru

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 17 ақпанда түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

ШҚО ТЖД мынаны ұсынады:

  • елді мекендерден шықпаңыз
  • жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз
  • желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз
  • қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз,
  • егерде далаға шығу қажет болған жағдайда, жылы және қалың киініңіз. Автокөлікті күтіп ұзақ тұрмаңыз.
  • пештерді жиі жағыңыз, бірақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайтын болсын. Шектен тыс қыздырмаңыз.
  • тұрғын үйді қосымша жылытатын болсаңыз электр жылытқыштарының өрт жағдайына назар аударыңыз.
  • ТЖ кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу