Шығыс Қазақстанда төрт бала Covid-19 жұқтырған

662

Inbusiness.kz тілшісінің мәліметінше, барлығы да шағын жинақты мектепте анықталған.  

Шығыс Қазақстанда төрт бала Covid-19 жұқтырған

Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен қызмет сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің дерегіне сүйенсек, 1 қыркүйектен бері облыс аумағында 4 баланың қауіпті дертке шалдыққаны тіркелген.

Екеуі – Шемонаихинский ауданында тұратын 4 сынып оқушылары, біреуі – Көкпекті ауданындағы мектептің 11 сынып оқушысы, тағы біреуі – Алтай ауданының 2 сынып оқушысы. Осы мектептердің барлығы да 14 күндік карантинге жабылып, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті билік сабақтарды онлайн форматқа көшіру туралы шешім қабылдады. 

Жалпы, бұл облыста бір тәулік ішінде, яғни 23 қыркүйекте коронавирус жұқтырудың 21 фактісі тіркелді. 11 науқаста аурудың клиникалық белгілері бар, ал қалғандарында дерттің нышаны жоқ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу