Шығыс Қазақстанда тұрғын 30 жыл бойы құжатсыз жүрген

169

56 жастағы ер адам алғаш рет қолына жеке куәлігін алды. 

Шығыс Қазақстанда тұрғын 30 жыл бойы құжатсыз жүрген Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 30 жылдан астам уақыт бойы еш құжатсыз жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Тарбағай ауданының 56 жастағы тұрғыны отыз жылдан астам уақыт бойы өзінің жеке басын растайтын құжатсыз жүрген.

Оның туу туралы куәлігі болған, бірақ ата-анасының екеуінен де ерте айырылған соң құжаттарын уақытылы реттейтін ешкім болмаған.

Ал кәмелет жасына толғаннан кейін құжаттарды ресімдемей жүре берген.

"Полицейлер ер адамға қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, туу туралы куәліктің телнұсқасын жасатты. Сонымен қатар оның КСРО ыдырағаннан кейін ешбір елдің азаматтығын алмағаны анықталды. Барлық қажетті құжатты жинағаннан кейін көші-қон қызметінің мамандары ауыл тұрғынына Қазақстан Республикасы азаматының алғашқы жеке куәлігін табыс етті", — делінген ақпаратта. 

Енді Тарбағай ауданының тұрғыны әлеуметтік және медициналық қызметтерді еш қиындықсыз алып, зейнетақы қорына тіркеле алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу