Шығыс Қазақстанда туризм саласына қаржы тиімсіз бөлінген

351

Құқық бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау үшін материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

Шығыс Қазақстанда туризм саласына қаржы тиімсіз бөлінген Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Шығыс Қазақстанда туризм саласына бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті тексеру жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Өңірде туризм саласын субсидиялау саласына сыртқы талдау аяқталды. Тексеріс барысында 2022 жылдың қаңтарына дейін пайдалануға берілген нысандар бойынша шығындарды негізсіз өтеу фактілері анықталды. Кәсіпкерлер бірнеше жыл бұрын салынып қойған туристік нысандарға субсидия алған. Бұл мұндай төлемдердің дұрыстығына үлкен күмән тудырады, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов.

Субсидия алу үшін ұсынылған деректердің дұрыстығын тексеру тәртібінде де олқылықтар анықталған.

– Соның салдарынан бюджет қаражатын негізсіз жұмсау тәуекелдері туындап, мемлекеттік қолдаудың тиімділігі төмендейді, – дейді Денис Шакенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу