Шығыс Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген тай массажистері ұсталды

493

Қазіргі уақытта шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Шығыс Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген тай массажистері ұсталды Фото: polisia.kz

ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген тай массажистері ұсталды.  

Заңсыз иммигранттар сауықтыру массажы қызметімен айналысқан. Полицейлер "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Таиландтың үш азаматын анықтады.

"Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де 30 АЕК көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон басқармасының бастығы Жеңісқанов Нұрлан.

Үш күн ішінде "Заңсыз келуші" ЖПІШ кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу