Бас көлік прокуратурасы сот процесі барысында куәлардың бірінің жалған айғақтар беру фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көлік прокурорлары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша сот процесі барысында куәлардың бірімен жалған айғақтар беру фактісін анықтады.
"Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады. Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – делінген хабарламада.
Прокуратура жалған айғақ беру қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін еске салады.