Шығыс Қазақстан облысында Марқакөл ауданындағы Қалжыр өзенінде гидроэлектростанция салу бойынша ауқымды жоба басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қуаттылығы 16 МВт болатын ГЭС құрылысының аукционында "KALZHYR RIVER ENERGY" ЖШС жеңіске жетті. Бұл компанияның елдегі энергия қауіпсіздігіне қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар үшін жүздеген жұмыс орнын ашып, табиғатқа қамқорлық танытуын білдіреді, – деп жазылған ШҚО энергетика басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мұндай ауқымды жобаның Шығыс өңірінде жүзеге асуы өңірдегі "жасыл" энергетиканы дамытуға айтарлықтай үлес қосады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу