Шығыс Қазақстан облысында жаңа ұлттық табиғи парк құрылады. Ол Үржар ауданында орналасатын болады, деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.
Бұл туралы облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы барысында мәлім болды. Жобаланып жатқан Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы 143,5 мың гектарды құрамақ. "Парк табиғи кешендердің биологиялық және ландшафттық әр алуандығын сақтау үшін жасақталады", - деп нақтылады ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова.
Ұлттық табиғи парк алты бөліктен тұратыны жоспарлануда, оған Тарбағатай жотасының бір бөлігі, Қарабас пен Арқалы тауларының бір бөлігі, сондай-ақ Үржар, Қызылсу және Емел өзендері алқаптарының учаскелері енетін болады.