Шығыс Қазақстан облысында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 30 қараша күні Алтай қаласында болған.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметкерлері тұрғын үйдің бөлмесінің қабырғасы мен ағаш едені жанып жатқанын айтады. Үйдің ішін тексеру кезінде 1965 жылы туылған үй иесінің денесі табылған.
Өрт толығымен сөндірілген. Қызыл жалын 6 шаршы метр аумақта жайылған.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі - отты абайсыз қолдану болжамы қарастырылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу