Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

1069

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді Фото: canva.com

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 10 ақпанда сағат 14:24-те жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 шақырым жерде Ресей аумағында, Қазақстан шекарасынан 30 шақырым жерде орналасқан. Риддерде 2 балл деңгейінде сезілді.

"Зардап шеккендер мен қираған нысандартуралы ақпарат болған жоқ. ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізеді", - делінген министрлік хабарламасында.

ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге салынбауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу