Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен 7 жастағы баланың денесі өзеннен табылды

230

Бала 23 шілдеде серуендеуге шығып, оралмаған. 

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен 7 жастағы баланың денесі өзеннен табылды Фото: Фото: YK-news.kz

2 тамызда Шығыс Қазақстан Шемонаиха ауданындағы Барашки ауылының маңындағы өзенде он күндей бұрын жоғалып кеткен 7 жасар Богданның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік, бала 23 шілдеде серуендеуге шығып, оралмаған. Оның киімдері мен аяқ киімдері Ертіс жағалауында "Самал"саябағында табылды.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Баланың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, — деп хабарлады ШҚО ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу