Шығыс Қазақстанда жол қызметкері жұмыс барысында көз жұмды

360

Қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Шығыс Қазақстанда жол қызметкері жұмыс барысында көз жұмды Фото: Getty Images

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы автожолда жол жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға Тарғын ауылының маңында, жол жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан учаскеде болған. Куәгерлердің айтуынша, жол техникасының жүргізушісі қаза тапқан. Полиция ер адамның қайтыс болғанын растады.

"Осы факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігінде (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу