Шығыс Қазақстанда боран әлі түтеп тұр

710

Ақ қар мен көк мұз жолаушыларды әбігерге салды. 

Шығыс Қазақстанда боран әлі түтеп тұр Фото: ТЖД ШҚО

Шығыс Қазақстанда қыс қаһарына мінді. Екі күннен бері ақтүтек боран соғып, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар жабылды. Төтенше жағдайлар қызметі жолда қалғандарға көмектесуге 700-ден астам техника дайындады.

Қазір өңірде ауа райы күрт нашарлап кетті. Ақтүтек боран мен көктайғақ әсіресе алыс жолға шыққандарды әбігерге салуда. Осы ретте, ШҚО ТЖД төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында арнайы штаб құрды.

"Облыста 10 уақытша жылыту пункті жұмыс істеп тұр. 700-ден астам техника дайындалған. Халыққа қолайсыз ауа райы туралы СМС-хабарламалар және "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы ескертіп жатырмыз", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

ШҚО және Абай облысы бойынша дәл осы сәтте 10 жол жабық.

Атап айтқанда:

  1. "Предгорное-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы"
  2. "Герасимовка-Семей"
  3. "Қалбатау-Қ.Қайсенов"
  4. "Ушанов ауылы-Серебрянск қаласы"
  5. "Тарғын-Самар"
  6. "Абай облысы-Шемонаиха шекарасы"
  7. "Шемонаиха-Секисовка"
  8. "Шемонаиха-Үлкен Өзен"
  9. "Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік"
  10. "Кеңсай-Тасбастау".

Айта кетейік, облыстық төтенше жағдайлар қызметі барлық жолаушыларға алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу