Шығыс Қазақстанда жөнделген жолдың кейбірінде кепілдік мерзімі жоқ болып шықты

184

Антикор тиісті шаралар қабылдату үшін әкімдіктерге ұсынымдар жолдады.

Шығыс Қазақстанда жөнделген жолдың кейбірінде кепілдік мерзімі жоқ болып шықты Фото: пресс-служба министерства транспорта Казахстана

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті өңірде орташа жол жөндеу жұмыстарынан кейін кепілдік мерзімінің қысқартылып жасалғанын немесе мүлде кепілдіктің жоқтығын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Заң бойынша жөнделген жолда 2-ден 6 жылға дейінгі кепілдік мерзімі болуы тиіс. Алайда, бірнеше ауданда мердігерлер бұл талапты бұзған. Мәселен, Катонқарағай ауданында бір компания 300 млн теңгеден астам сомаға орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алайда, тексеру барысында оның сол жолға кепілдік мерзімін жасамағаны анықталды, – дейді департамент басшысы Денис Шакенов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу