"Бұқтырма-Заводинка"темір жолының учаскесінде жүк пойызының 12 вагонының дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойызда кен және көмір тиелген. Қазіргі уақытта әкімдік жағдайды бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу сол жерге жұмылдырылды", деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.
Шығыс Қазақстан облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бүгінде кесте бойынша бұл бағытта жүретін жолаушылар пойыздары жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу