Шығыс Қазақстанда жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға шұғыл жеткізілді

150

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан Өскемен қаласына жедел медициналық көмекке мұқтаж 1989 ж.т. жүкті әйел жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Шығыс Қазақстанда жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға шұғыл жеткізілді Фото: видеодан алынған кадр

Аталмыш операция ұшқыштар Анатолий Козловский, Олег Алфеев, бортмеханик Ерғазы Сабдиров және пациентке қажетті медициналық қолдауды қамтамасыз еткен санавиация дәрігерлерімен жүргізілді.

Шұғыл медициналық рейстер барлық қатысушылардың жоғары кәсіби даярлығын және үйлесімді жұмысын талап етеді.

Экипаж мен дәрігерлердің жедел іс-қимылының арқасында болашақ ана Өскеменнің медициналық мекемесіне аман-есен жеткізілді, оған қажетті көмек көрсетілуде.

Қазақстанның ТЖМ жедел медициналық көмекке мұқтаж пациенттерді шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ете отырып, өмірді құтқару жөніндегі маңызды миссияны орындауды жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу