Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 100-ге жуық жоғалған адам табылды

147

Полиция анықтаған азаматтардың арасында 56 кәмелетке толмаған бала бар.  

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 100-ге жуық жоғалған адам табылды Фото: gov.kz

2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 100-ге жуық азаматтың жүрген жерін анықтады. Олардың 56-сы – кәмелетке толмағандар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, адамдардың жоғалуына қатысты әрбір дерек ерекше бақылауда болады. Хабарлама түскен бойда криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру шараларын бастап, жағдайды саралап, жоғалған адамның жүрген жерін анықтауға бағытталған жұмыстарды жүргізеді.

Іздеу барысында аумақтарды тексеру, жаяу және автопатрульдер, ізшіл иттермен жұмыс істеу сияқты дәстүрлі әдістермен қатар заманауи технологиялар да қолданылады.

Бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау камералары жоғалған адамның қозғалыс бағытын анықтауға көмектеседі. Ал тепловизормен жабдықталған ұшқышсыз аппараттар бару қиын аумақтарды шолуға пайдаланылады.

Полиция мен басқа да тартылған қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында жоғалғандардың көбі арыз түскеннен кейінгі алғашқы сағаттарда табылған. Бұл әсіресе балаларды іздеу кезінде маңызды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жақын адамы хабар-ошарсыз кеткен жағдайда бірден полицияға хабарласуға шақырды. Уақтылы берілген ақпарат іздестіру жұмыстарын жеделдетіп, адамның аман-есен табылу мүмкіндігін арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу