Шығыс Қазақстанда жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар саны артқан

559

Өңірде өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзған 44 689 факті анықталды. 

Шығыс Қазақстанда жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар саны артқан Фото: Төтенше жағдайлар департаментінен

Жылыту маусымы басталғалы бері өңірде қызыл жалыннан көз жұмғандар саны 27 пайызға артты. Нақты айтқанда, 11 адамды құрап отыр.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биылғы жылыту маусымында өңір бойынша өрт саны 11,1%-ға төмендеген. Алайда қызыл жалыннан көз жұмғандар керісінше көбейіп отыр.

- Жылыту маусымы басталғалы тілсіз жаудан зардап шеккендер саны 37%-ға артты. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері - өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, пештегі жарық және пеш мұржасының тазаланбауы. Өрт көбінесе жер үйлерден шығады (54,2%). Құтқарушылар өрттің алдын алу үшін 190 000-нан астам ауланы аралап шықты. Нәтижесінде, үйлерде қауіпсіздік талаптарын бұзудың 44 689 фактісі тіркелді, - дейді облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Жалпы облыс аумағында пеш жағып отырған әлеуметтік осал санаттағы 3174 отбасы бар. Департамент мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, сол үйлерді екі рет аралап шыққан. Барлығы 2357 бұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта 440 бұзушылық жойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу