Шығыс Қазақстандағы аудандардың бірінде жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді

334

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілді.

Шығыс Қазақстандағы аудандардың бірінде жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді Фото: © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Катонқарағай ауданында мемлекеттік және әлеуметтік мекемелерде пилоттық режимде жаңа жұмыс кестесі енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді аудандағы 40 мекеме аптасына бес күн сағат 08:00–ден 17:30–ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 12:00–ден 13:30–ға дейін. Мұндай жұмыс режиміне көшу туралы шешім тұрғындармен болған талқылаулардан кейін қабылданып отыр. 

Желтоқсан айында ауданға бір топ облыстық басқармалар басшылары келіп, соның ішінде Өрел, Аршаты, Берел, Жамбыл және тағы басқа жиыны 18 елді мекенде кездесулер өткізді. Сол кездесулер барысында жұмыс күнінің басталуын таңғы сағат 08:00–ге ауыстыру жайы сөз етілді. 

– Жаңа жұмыс уақыты климаттық жағдайлар мен жергілікті тұрғындардың өмір ырғағын ескере отырып, өнімділіктің артуы мен өңірдің дамуына ықпал етеді. Сондықтан тұрғындардың пікірлері ескерілді, – деп хабарлады аудандық ішкі саясат бөлімінен.

Катонқарағайлықтар да бұл жұмыс кестесінің өздеріне қолайлы екенін айтып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу