Шығыс Қазақстандағы ауылдардың жартысынан астамында әлі бас жоспары жоқ

584

Өңірдегі 171 ауылдың ғана бас жоспары дайын екен.

Шығыс Қазақстандағы ауылдардың жартысынан астамында әлі бас жоспары жоқ Фото: google.com

Шығыс Қазақстан облысындағы 363 елді мекеннің 192 ауылында бас жоспары жоқ. Салдарынан бұл ауылдарда жер қатынастары, сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуде қиындық туып отыр.

ШҚО жер қатынастары басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі 171 ауылдың ғана бас жоспары дайын екен. Ал қалғандары маңызды құжат әлі күнге дейін жоқ емес. 

- 2022 жылғы 24 ақпанда облыс әкімдігінің қаулысымен елді мекендердің бас жоспарларын, даму және құрылыс сызбаларын әзірлеу және түзету жөніндегі жол картасы қабылданды. Соған сәйкес, 2025 жылға дейін 163 перспективті және маңызды елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу жоспарланған, - дейді басқарма басшысы Надежда Михейлис.

Бекітілген жол картасы бойынша биыл 46 ауылдың бас жоспарын әзірлеу міндеті тұр.

Қазіргі уақытта Өскемен және Зайсан қалаларының жаңартылған бас жоспары дайын, ал Риддер, Алтай, Серебрянск, Шемонаиха қалалары бойынша түзетулер енгізілуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу