Аягөз аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен Аягөз қаласының әкімі болып Медет Мырзыкешов сайланды.
Медет Нығметоллаұлы 1988 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Шынқожа ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар:
2008-2011 жылдары Семей қаласы Шәкәрім атындағы СМУ университетін бітірген. 2015 жылы Қарағанды экономикалық университетінің құқықтану мамандығын тәмамдаған.
2008-2012 жылдары Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөліміне келісім-шарт бойынша жұмыс істеген.
2012-2013 жылдары "Таскара" әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағында, 2013-2014 жылдары Суздаль жедел взводында құтқарушы болды.
2014-2016 жылдары Аягөз ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2016-2020 жылдары аталған бөлімнің басшысы болып қызмет етті.
2020 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.