Шығыс Қазақстандағы балабақшада балалардың өміріне қауіпті материалдар сақталған

218

Тексеру барысында құрамында сынап бар 22 бірлік шамның балаларға қолжетімді жерде сақталуы, олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіргенін көрсетті.

Шығыс Қазақстандағы балабақшада балалардың өміріне қауіпті материалдар сақталған Фото: Pixabay.com

ШҚО балабақшада қауіпті материалдармен жұмыс істеу саласында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
 
ШҚО Самар ауданының прокуратурасы "Дәншік" балабақшасында санитарлық ережелердің өрескел бұзылуын анықтады.

Тексеру барысында құрамында сынап бар 22 бірлік шамның балаларға қолжетімді жерде сақталуы, олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіргенін көрсетті.

Люминесцентті шамның құрамында үш-бес миллиграмм сынап бар және олардың дұрыс сақтамауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Қолданыстағы талаптарға қарамастан, балабақша әкімшілігі бұл қауіпті заттарды әкету мен жоюға әрекеттер жасамады.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде қауіпті материалдарды әкету бойынша мамандандырылған ұйыммен шарт жасасып, оларды жою шаралары басталды.

Кінәлілер, оның ішінде балабақша меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу