Шығыс Қазақстандағы бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу алынып тасталды

156

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше жол кей көлік түрлері үшін қайта ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстандағы бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу алынып тасталды Фото: canva

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 қаңтар сағат 11:00–ден бастап республикалық маңызы бар тасжолдардың бірқатар учаскелерінде қоғамдық көліктер мен дизельді көліктер үшін қозғалыс шектеулері алынып тасталады. 

– Атап айтқанда, "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы" жолының 1013-1062 шақырымында (Абай ауданы шекарасынан Алмасай ауылының бұрылысына дейінгі жол), "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы" тасжолының 1104-1212 шақырымында (Глубокое ауылы-Шемонаиха қаласы-Ресей шекарасы арасы), "Өскемен-Семей" тасжолының 10-103 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Абай ауданы шекарасының арасы), "Қытай шекарасы-Майқапшағай-Зайсан-Қалбатау-Семей-Павлодар-Ресей шекарасы" тасжолының 1103-1256 шақырымында шектеулер алынды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар халыққа алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу