Шығыс Қазақстандағы кәсіпкерлік нысандарда 5 жыл бойы кірме жолдар болмаған

501

Мәселені 5 жыл бойы шеше алмаған көрінеді.

Шығыс Қазақстандағы кәсіпкерлік нысандарда 5 жыл бойы кірме жолдар болмаған Фото: dknews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне бір топ кәсіпкерден кәсіпкерлік нысандарға кірме жолдар ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алайда кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен мәселені 5 жыл бойы шеше алмаған көрінеді. 

2019 жылдан бастап кәсіпкерлер өздерінің коммерциялық нысандарына кірме жол ұйымдастырып беру туралы уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгінген. Бірақ мәселе өз шешімін таппаған.   

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен отырыс ұйымдастырды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің коммерциялық нысандарға кірме жолдарды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу