Шығыс Қазақстандағы өзендерде мұз жару жұмыстары басталды

115

Ондағы мақсат – мұз кептелісінің алдын алу.

Шығыс Қазақстандағы өзендерде мұз жару жұмыстары басталды Фото: видео скриншот

Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде мұз кептелісінің алдын алу үшін жарылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха ауданындағы өзенде мұз жарылды.

 Мамандар Верх-Уба ауылының маңындағы Үбе өзенінде жалпы ауданы 10 692 шаршы метр мұзды жарды. Жалпы облыс бойынша жақын арада осындай жұмыстар жүргізілетін 19 учаске анықталды,  делінген ақпаратта.

Ақпан айында Глубокое ауданында мұз жарылған. Ондағы Глубочанка өзенінің сағасында 3 мың шаршы метрден астам мұз ұсақталды. Енді Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай аудандарындағы Бұқтырма өзенінде, Марқакөл ауданындағы Күршім, Үбе және Қалжыр өзендерінде мұз жарылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу