Шығыс Қазақстандағы праймериздің қорытындысы

601

Праймеризге Шығыс Қазақстан облысынан мыңнан астам кандидат тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  

Шығыс Қазақстандағы праймериздің қорытындысы

Облыс орталығында барлық деңгейдегі мәслихаттарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде тиімді депутаттық корпусты қалыптастыру үшін кандидаттар арасында ашық іріктеу жүргізілді. Облыс басшысы,  "Nur Otan" партиясының облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахметов елімізде алғаш өткізіліп отырған партияішілік іріктеу праймеризіне қатысқан үміткерлермен кездесу өткізді, деп жазады "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Праймеризге Шығыс Қазақстан облысынан мыңнан астам кандидат тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ашық пікірсайыстар өткізіп, қоғамның өзекті мәселелерін шешудің жолдарын ұсынды. Дауыс беру кезеңіне 923 кандидат өтті. Халық "Праймериз" порталында қалаған кандидатына дауыс берді. 

Үгіт-насихат барысында кандидаттар кәсіби қызметіне сәйкес елді мекендердің бірқатар проблемалық мәселелерін көрсетті. Олар өзара пікірталаста мәселелер және оның шешу жолдарын талқылады. Арнайы құрған бағдарламаларын БАҚ және әлеуметтік желілерде халық арасына белсенді таныстырды. 

Даниал Ахметовтің айтуынша, праймериз барысында 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Кандидаттар нәтижеге қарамастан мәселелердің сапалы шешілуіне мониторинг жасап, өз үлестерін қоса алады. Кездесу соңында барлық қатысушыларға "Nur Otan" партиясының облыстық, қалалық филиалдары төрағаларынан алғыс хаттар табыс етілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу