Шығыс Қазақстандағы сауда дүкендерінде адам денсаулығына қауіпті өнімдер сатылған

456

Шығыс Қазақстан облысында адам денсаулығына қауіпті өнімдер сатқан дүкен иелері айыппұл арқалады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстандағы сауда дүкендерінде адам денсаулығына қауіпті өнімдер сатылған Фото: google

ШҚО санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл басынан бері өңір аумағында сатылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында 1388 тауардан сынама алынған. Оның ішінде 523-і – отандық, 865-ы – импорттық өнім. Нәтижесінде кейбір өнімдер талапқа сай болмай шыққан.

- Талдау нәтижесі көрсеткендей, азық-түлік өнімдерінің 204 сынамасы талапқа сәйкес келмейтін болып шықты. Оның 86-сы – отандық, 118-і импорттық өнім. Сәйкессіздіктің негізгі үлесі, нақты айтқанда 72%-ы таңбалау ережелерінің бұзылуына қатысты болып отыр. Яғни, тауар қаптамасында өндірушінің атауы мен орналасқан жері, мемлекеттік тілдегі мәліметтер, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарының болмауы анықталған, - дейді ШҚО санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Сынаманың 20% адам денсаулығына қауіпті болып шықты. Ал 8% физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай келмеген.

- Аталған фактілер бойынша дүкен мен сауда орындарының иелеріне 185 ұйғарым шығарылып, жалпы сомасы 2 542 290 теңге айыппұл салынды. 76,5 келі өнім сатылымнан алынды, - делінген хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу