Шығыс Қазақстандағы Серебрянск қаласына алғашқы әйел әкім тағайындалды

2000

Ол 2020 жылға дейін мұғалім болып еңбек етті. 

Шығыс Қазақстандағы Серебрянск қаласына алғашқы әйел әкім тағайындалды Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Серебрянск қаласының әкімі болып Нұргүл Бақынова сайланды. Ол осы қала тарихындағы алғашқы әйел әкім.

2 шілде күні Серебрянск қаласы әкімінің сайлауы өткен болатын.

Нұргүл Асанқызы 1977 жылы Абай облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2020 жылға дейін мұғалім болып еңбек етті. 20 жылға жуық еңбек өтілінде Шығыс Қазақстандағы мектептер мен жоғары оқу орындарында сабақ берді. Соңғы жұмыс орны - Алтай ауданы Полянское ауылындағы орта мектеп.

2020 жылдың маусым айынан Парыгин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған. Биыл ол Серебрянск қаласының әкімі лауазымына өз кандидатурасын ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу