Шығыс Қазақстандағы таулы аймақтарда дала өрті әлі де ушығып тұр. 3 шілдеде Ұлан ауданы Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталар жанып, отқа оранды.
Ең қиыны дала өрті таулы жерде болғандықтан өрт сондіру техникалары жете алмаған. Сондықтан МИ-2 және МИ-8 тікұшақтарымен орманшылар мен өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткізілді.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірілген. Елді мекендерге қауіп жоқ.
- Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесі мен "Қазавиақұтқару" АҚ су ағызатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылып, 13 рет су төкті. Өрттің алдын ала ауданы шамамен 6 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 180-ге жуық адам, 23 техника, Шығыс Қазақстан әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы "Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2 тікұшағы жұмылдырылған, - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.