Шығыс Қазақстандағы туристік аудандарда дәрігерлер жетіспейді

512

Туризмның гүлденбей, тұрмыс түрленбейді.

Шығыс Қазақстандағы туристік аудандарда дәрігерлер жетіспейді Фото: Ашық дерек көздерінен

Шығыс Қазақстандағы туристік аудандардың бірінде дәрігерлер жетіспейді. Дәлірек айтқанда Алтай ауданына қарасты Жаңа Бұқтырма кентінде. 

Жаңа Бұқтырма кенті – аймақтағы табиғаты көркем, суы тұнық демалыс орындарының бірі. Ресми деректер бойынша былтыр мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен 300 мыңнан астам турист келген. Биыл бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда артуы мүмкін. 

Өңірде туризм гүлденбей, тұрмыс түрленбейтіні айтпасада түсінікті. Десе де, демалыс базаларына келген қонақтарға да қажетті жағдайдың жасалғаны абзал. Осыған дейін Жаңа Бұқтырма кентіндегі ауруханада кадрлардың жетіспейтіндігі талай айтылған болатын. Өкінішке қарай, мәселе әлі толық шешімін таппады. 

- Ауруханада кадрлар жетіспейді. Жазда бізде туристердің саны өседі, ал травматолог дәрігерлер жоқ, терапевт мамандар да қажет. Біз кадрларды ауданға тарту үшін университеттерге барамыз. Келгісі келген мамандарға баспана беруге дайынбыз. Өткен жылы ауданға тек үш дәрігер келді. Екеуі Алтай қаласына, біреуі Серебрянск қаласына барды. Бірақ мұнда да маман тапшы, - дейді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко.

Айта кетсек, биыл Жаңа Бұқтырма кентін дамыту аясында аурухананы жөндеуге 300 миллион теңге бөлініп отыр. 

Таунар Қайратұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу