Шығыс Қазақстандағы университет 1,9 млн теңгеге еден сүрткіш құрал сатып алмақ болған

712

1,2 миллион теңгеге 1 матрас алуды жоспарлаған

Шығыс Қазақстандағы университет 1,9 млн теңгеге еден сүрткіш құрал сатып алмақ болған Фото: google.com

Шығыс Қазақстан облысындағы университеттерінің бірі 25 мың теңге тұратын еден сүрткішті 1,9 млн теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Антикордың ұсынымынан кейін мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзетулер енгізіліп, шамамен 3 млн теңге үнемделді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, талдау жұмыстары барысында "Семей медицина университеті" КЕАҚ Өскемен филиалының тұрмыстық заттарды жоғары бағамен сатып алмақ болғаны анықталды.

"Білім беру мекемесі 1,9 миллион теңгеге еден сүрткіш құралдың бір данасын және 1,2 миллион теңгеге 1 матрас сатып алмақ болған. Алайда еден сүрткіш құралдың нарықтағы орташа бағасы – 25 мың теңге, бір матрастың бағасы 30-дан 130 мың теңгені құрайды. Антикордың ұсынымынан кейін мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзетулер енгізіліп, шамамен 3 млн теңге үнемделді. Бұл қаражат өзге тауарларды сатып алуға бағытталатын болады", - делінген ақпаратта.

Жалпы жыл басынан департаменттің мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор мекемелеріне жасаған ұсынымдары бойынша 205 млн теңге үнемделді. Ал 2022 жылы 425 млн теңгеге үнем жасалған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу