Даниал Ахметов: Шығыс қазақстандықтар екпенің бірінші компонентін 100 пайыз алды

902

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады.

Даниал Ахметов: Шығыс қазақстандықтар екпенің бірінші компонентін 100 пайыз алды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы он ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімінің айтуынша, халыққа вакцина салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, вакцина алуға тиісті тұрғындардың 100 пайызы екпенің бірінші компонентін алған, ал екінші компонентін 7 желтоқсанға дейін салу жоспарланған.

Кездесу барысында облыстың ауылшаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Даниал Ахметовтің мәліметі бойынша 2022 жылға қарай ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есе арттыру көзделген.

Президентке жақында ашылған "Үлбі-ТВС" зауытының жұмысы туралы баяндалды. Кәсіпорында жылу энергиясын алуға арналған инженерлік құрылымдар шығарылады және 140 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауытта жылына 200 тонна уран отыны өндіріледі.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне жылыту маусымы кезінде қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу