Шығыс қазақстандықтар елордадағы жәрмеңкеге 225 тонна өнім жеткізеді

617

Осы демалыс күндері, 4 және 5 қыркүйекте "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанында Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен кезекті өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шығыс қазақстандықтар елордадағы жәрмеңкеге 225 тонна өнім жеткізеді

ШҚО шаруа қожалықтары елорда тұрғындарына жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық таза өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеге өңірдің 15 ауданынан және екі қаласынан өндірушілер қатысады.

Жалпы сомасы 356,2 млн. теңгеге көлемі 225,2 тонна өнімнің 28 атауын сату жоспарланып отыр. 

Шығыс Қазақстан облысынан елордаға 40 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 13 тонна өсімдік майы, 3 тонна жарма, 5 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз, ұлттық бұйымдар мен пантоөнімдер, 150 тонна көкөніс өнімдері мен картоп және т. б. жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңке 4 және 5 қыркүйекте сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бағалар дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-20% төмен болады. 

Барлық өнімдер санитарлық-ветеринарлық талаптарға сәйкес келеді, сатушыларда тауарлардың шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады.

Жәрмеңке санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Келушілер маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және қол гигиенасын сақтауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу