Шығыс Қазақстанның ауылдарында дәрігер жетіспейді

157

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдарда дәрігер тапшылығы мәселесі өткір болып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанның ауылдарында дәрігер жетіспейді Фото: ncvb.kz

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінде облыс бойынша 152 дәрігер тапшы.

Оның ішінде Өскеменге – 52, Риддерге – 10, Серебрянск қаласына 15 дәрігер қажет.

– Аудандар бойынша айтар болсақ, Алтайда 28, Шемонаихада 10, Глубокое, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Самар, Ұлан, Тарбағатай және Марқакөл аудандарына 7 дәрігерден керек. Ауылдарда жалпы тәжірибелік дәрігер, акушер-гинеколог, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, педиатр, терапевт, анестезиолог-реаниматолог, клиникалық фармаколог, хирург және нейрохирург тапшылығы сезілуде, – делінген ақпаратта.

2024 жылы облыстағы 15 дәрігерге 8,5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем, 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, баспанамен қамтамасыз етілді.

– Сондай-ақ, былтыр 44 маман Израиль, Ресей, Германия және Латвия елдерінің жетекші шетелдік клиникаларында біліктілік арттырып келді. Биыл тағы 70 дәрігерді шетелде оқыту жоспарланған, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу