Шығыс Қазақстанның екі ауданында жұмыс уақыты өзгерді

184

Жаңа жұмыс тәртібі 24 ақпаннан бастап күшіне енді. 

Шығыс Қазақстанның екі ауданында жұмыс уақыты өзгерді Фото: inAstana.kz

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты 1 сағатқа кейінге шегерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді бұл аудандарда жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Аудан әкімдіктерінің мәліметінше, өзгеріс өңірдің табиғи жағдайына бейімделу мақсатында енгізілген. Ерте таң атып, күннің кеш батуы ескеріліп, тұрғындардың күндізгі уақытты тиімді пайдалануы үшін осындай шешім қабылданды. Бұл бастама жергілікті халықпен талқыланып, облыстық басқарма басшыларынан құрылған мобильді топтар тарапынан зерделенген.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай жұмыс тәртібі Катонқарағай ауданында енгізілген болатын. Қазіргі таңда ол аудандағы 40 мекеме 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу