Бұл туралы халықпен есептік кездесуде ШҚО әкімі Даниа Ахметов мәлім етті.
"Бұл мақсатта "Майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы" ЖШС үш жыл жұмыс істеді. Алдағы уақытта сол жақта аудандастырылған жаңа сұрыптар мен будандар еліміз нарығының 20%-ын қамтып, содан кейінгі кезеңде көрші елдерге, ең алдымен Ресей мен Қытайға шығарылатын болады", – деп атап өтті Даниал Ахметов.
МДТШ ғалымдары жұмыс барысында еропалық және америкалық технологияларды пайдалана отырып әлемдік инновациялық тәжірибеге сүйенген.
Былтыр тәжірибе шаруашылығы жасаған күнбағыстың үш буданы сынақтан өткізуге жөнелтілді. Қазір Шығыс Қазақстанның мамандары шетелдік әріптестермен бірлесіп астық дақылдарының сұрыптарын жасаумен айналысып жатыр.