Шығыс Қазақстанның қай аудандарында су тасқыны қаупі бар

329

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында су тасқыны қаупі сақталып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанның қай аудандарында су тасқыны қаупі бар Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда облыс аумағының 61%-ын қар алып жатыр.

"Өңірде дауылды ескерту жарияланды. Болжам бойынша жауын-шашын мол жауады. Қар белсенді еріп жатқандықтан өзен-көлдерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Облыстағы су қоймалары тәулік бойы бақылауда", - делінген ақпаратта.

Құтқарушылар қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындарға су тасқыны кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша нұсқаулық беруде.

"Риддер, Шемонаиха қалалары, Катонқарағай, Марқакөл, Глубокое, Үлкен Нарын және Алтай аудандарында су тасқыны қаупі бар. Алтай ауданында профилактикалық жұмыстарға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты №68303 әскери бөлімінің қызметшілері тартылды. Жалпы су тасқыны болуы мүмкін аумақтарды қоса алғанда, барлық ықтимал қауіптер картасы әзірленген", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында мұз астына түсіп кеткен екі балықшы құтқарылғанын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу