"Еуразиялық энергетикалық корпорация" АҚ "Шығыс" кеніші өндірістік міндеттерді орындау мақсатында 312,2 млн теңгеден астам сомаға жаңа техника сатып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Техникалық паркті жаңарту "Еуразиялық энергетикалық корпорация" АҚ-ның басым міндеттерінің біріне жатады. Жыл сайын корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінде тозығы жеткен құрал-жабдықтардың орнын заманауи техникалар басады. Жақында ғана "Шығыс" кенішінде өндіріске аса қажетті 3 техника жеткізілген болатын. Солардың бірі – "Caterpillar D9R" бульдозері. Ол техника ағындық-аршу кешенінде іске қосылып, үйінді учасесінде пайдаланылып жүр. Оның міндеті үйінді конвейерді одан әрі жылжытуда трассаны жоспарлау болып табылады. Бұл машина "d9r берік құрылымы ықпал ететіндіктен жұмыстың ауыр түріне арналған.
"Бульдозердің ерекшелігіне келсек, пайдалану шығындарын азайтады әрі сенімді техника, – дейді "ЕЭК" АҚ "Шығыс" кеніші трактор-бульдозер учсакесінің бастығы Максим Емельянов.
Автоматтандырылған техника машиниске машинаның күйі, тіркелген мәліметтер жайлы ұдайы ақпарат беріп, проблеманың алдын алуға мүмкіндік береді. Датчиктер арқылы жылу деңгейі мен температураны, қозғалтқыштағы гидравликалық майды бақылап отыруға болады. Мұнда мотор майының қысымын, бұдан ары сұйықтықты салқындатқыш ағынын, электр жүйесі мен трансмиссиялық май сүзгісін тексеретін ескерту индикаторы қарастырылған.
"Жүргізушінің орны бұрынғыдан да жақсарды. Кабинадағы қосымша реттегіш тіректер шу мен вибратордың деңгейін төмендетеді. Cat Comfort сериялы орындықты өз ыңғайыңа қарай қозғалтуға болады және бұл жұмыстағы жайлылықты қамтамасыз етеді. Орындықтың жастығы мен арқалығы қалың, белге және жамбасқа күш түсірмейді. Соған қарамастан жүргізуші қолдары мен аяқтарын еркін қозғалта алады", – дейді "ЕЭК" АҚ "Шығыс" кеніші трактор-бульдозер учаскесінің бастығы Максим Емельянов.
Бұдан бөлек, өндірістік процестерді жеңілдету үшін МКСМ-800 маркалы екі жүк машинасы сатып алынғанын да айта кеткеніміз жөн. Бұл техника шағын болғанына қарамастан аса күрделі емес түрлі тапсырмалдарды жеңіл орындайды және жұмыс барысында үнемдегіштігін де атап өтуге болады.
МСКМ-800 сериялы бір шағын жүк машинасы жұмысқа кірісті, қазір №2 ағынды-аршу кешенінде көмір қалдықтарының үгінділерін жинаумен айналысып жүр.