"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына 27 жыл толды

3302

Әскерлерінің қолбасшысы полковник Асан Жусупов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының тарихын тереңнен талдады.  

 "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына 27 жыл толды

Бүгін Семей қаласында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 27 жыл толуына арналған мерекелі жиын өтті, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 "Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруда 2019 жылы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы жемісті еңбек етті. Жауынгерлік әзірлікті одан әрі белсендірудің, кәсіби дағдыны барынша арттырудың, әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жағдайын жақсартудың оң үрдісін сақтай білді. Әлемдік додада Қазақстанның Қарулы Күштерінің жауынгерлік даңқы мен абыройын арттырған әскерилердің жетістігі мақтауға лайық", – деді ол.

Қадірлі қонақтардың арасында Ауғанстандағы жауынгерлік ұрыстарға қатысқан  Қарулы Күштердің ардагерлері, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бастығы подполковник Талғат Әмірхан, 54835 әскери бөлімінің командирі 1-ші сыныпты ұшқыш полковник Мақсұтбек Әділбаев, Семейдегі дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы "Жас ұлан" ерлер лицейінің бастығы Құрмаш Оқасов болды.

27 жыл бұрын 1992 жылғы 1 қарашадағы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі директивасының негізінде Түркістан әскери округының 32-ші армиясының құрылымдары мен бөлімдерінің базасында 1-ші армиялық корпусы құрылды. Ол Семей қаласында шоғырланды. Әскери-саяси міндеттерге сүйене отырып, Қарулы Күштердегі ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарды жетілдіруге байланысты 2000 жылы 15 қыркүйекте 1-ші армиялық корпустың әскери бөлімдері базасында "Шығыс" әскери округы құрылды. Үш жылдан соң әскердің жауынгерлік қабілеттілігін арттыру мақсатында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы болып өзгертілді.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы үшін 2004-2005 жылдар тарихи жаңалықтарға толы болды. Біршама әскери бөлімдер көшіріліп, оның құрамына кірді. Көп ұзамай кешенді командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілген атыс алаңы, химиялық және инженерлік қалашықтары бар "Шығыс" жалпыәскери полигоны құрылды. Сол уақыттан бері жыл сайын полигон аумағында РФ Қарулы Күштерінің қатысуымен әр түрлі үлгідегі және ауқымдағы оқу-жаттығулар өткізілді.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері  қазақстандық армия және елімізден тыс өткізілетін әр түрлі оқу-жаттығу мен жарыстардың тұрақты қатысушылары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу