Мемлекет басшысының өкімдерімен ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды. Бұл қызметке Нұрболат Еркебайұлы Топаев тағайындалды.
Сондай-ақ, Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, Асан Қуанышұлы Жүсіпов тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу