Жоғарғы армиялық буын басшыларын таныстыратын жоғары дәрежедегі лауазымды адамдардың әскери дәстүрін сақтай отырып, таныстыру рәсімін Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов өткізді, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі.
ҚР Президентінің өкімімен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып полковник Асан Жүсіпов, ҚР Президенті Жарлығына сәйкес "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – басқару штабының бастығы болып полковник Абай Жолдасов тағайындалды.
Генерал-майор Бектанов екі офицерді бұрынғы лауазымында функционалды міндеттерін орындау кезінде үздік кәсіпқойлық қаблеттерін танытып, өзіндерін жан-жақты жедел ойлай алатын, мақсатты айқын анықтай отырып, көпжоспарлы тапсырмаларды тиімді шешуге тырысатын шебер әскериқызметшілер ретінде көрсете алды деп атап өтті.